Сайрамда базар өртенді (видео)

301
Шұғыл түсірілім

Ақсукенттегі «Сайрам» базарындағы сауда нүктелері өртеніп кетті. Тілсіз жау киім-кешек және ет өнімдері сатылатын 10 павильонды жалмаған. Бұл жайындағы суыт хабар өрт сөндіру бөліміне кешкі сағат 20-дан 26 минут өткенде түсті.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

Оқиға орнына аудан орталығынан және Шымкенттен 12 арнайы техника және 56 өрт сөндіруші шұғыл аттанды. Мамандар базардағы өрт шарпыған ғимараттардағы жалынды дереу сөндіруге кіріскен. Арада 1 сағаттан астам уақыт өткенде тілсіз жау толық ауыздықталды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=XWYmlCeeBUQ[/youtube]

Жалын жалпы аумағы 280 шаршы метр жерді шарпыған. Оқиға орнындағы тәртіпті бақылауға Сайрам ауданынан 80-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылды. Осы уақытқа дейін өңірдегі ірі өрттерді сөндіріп үйреніп қалса керек, құтқарушылар бұл жолы әбжіл қимылдады. Нәтижесінде адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің неден шығуы мүмкін екенін анықтаушылар тексеріп жатыр.