Шымкентте «Ақ бидай» республикалық сайысы басталды

Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 7-15-қазаны аралығында бесінші рет»Ақ бидай» республикалық ауылдық спорт ойындары өтеді. Төрт жылда бір өтетін ойындардың бағдарламасына спорттың 12 түрінен сайыс енгізілген. Айта кетсек, спортшылар волейбол, шағын футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, қол күресі және ұлттық спорттың бірнеше түрінен бақ сынайды.

"Ақ бидай" республикалық ауылдық спорт ойындары

2000 жылы Астана қаласында бастау алған жарыс содан бері Тараз, Көкшетау, Петропавл қалаларында өткізілген. Шымкент қаласынында өтетін ойынның салтанатты ашылуы 11-қазанда Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтеді.