Шымкентте бір түнде 3 жол апаты болды (видео)

282
Шұғыл түсірілім

Кешегі тәулікте Шымкентте 6 жол апаты тіркелген. Соның салдарынан 8 адам жарақат алып отыр. Алғашқы жол апаты Темірлан тасжолының бойында болды. Кешкі сағат 20-дан асқанда жолдың шетінде тұрған Ниссан көлігіне келіп, Мазда көлігі соғысқан. Абырой болғанда адамдар аман. Ниссанның жүргізушісі оқиғаны былай деп түсіндіреді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ButewzW_uRs[/youtube]

Бұл азаматтың айтуынша, бір орында тұрған көлігін соққан Мазданың жүргізушісі алдында шығынды өтеймін депті. Дегенмен, кейін ол ойынан айнып қалса керек, жол сақшыларын шақырамын деп шыға келді. Енді екі жүргізушінің қайсысы кінәлі екенін жол полициясының анықтаушылары анықтайды.

Ірі жол-көлік оқиғасы Бәйдібек би көшесінде тіркелді. Мұнда екі Опель көлігінің жүргізушісі кең жолға симай, соғысып қалды. Бұған жауыннан кейінгі жолдың тайғақтығы да себеп болса керек.

Соққы алған Опельдің бірі сырғып барып, жолдың шетіндегі үлкен бағанаға жабысып қалды. Соның салдарынан оның жүргізушісі жарақат алып, оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері зардап шеккен азаматқа көмек көрсетті. Ал қара түсті Опель көлігінің жүргізушісі былай дейді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=sZfrD7blWlI[/youtube]

Тағы бір жол апаты Рысқұлов көшесінің бойында орын алды. Мұнда төрт бірдей көлік соғысып қалған. Жүргізушілер МАН жүк көлігінің иесі жол апатына себепкер болды дейді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=1DmImvwB4nI[/youtube]