Жанармай бағасы әлі қымбаттамады

221
Жүргізушілер енді бензиннен тапшылық көрмейді

АИ-92 және АИ-93 маркалы жанармайдың бағасы қымбаттайды деп еліміздің Табиғи бәсекелестікті реттеу агенттiгi төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев осы айдың басында-ақ мәлiмдеген болатын. Хабарламаға сәйкес, 12-қазаннан бастап бір литрінің бағасы 110 теңгеден 117 теңгеге дейін өседі деп күтілген жағармай әзірге қымбаттаған жоқ.

Бензин бағасы қымбаттамады
Жанармай бағасы қымбаттамады

Облыстағы 500-ге жуық жанар-жағармай бекеттерінде баға бір қалыптылығын сақтап тұр. Шымкенттегі мұнай зауытында жөндеу жұмыстарының басталғанына екі аптадай уақыт өтсе де, бензин тапшылығы сезілген жоқ. Яғни, жағармай талонмен босатылып жатыр дегенді өңірлік жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы жоққа шығарды.

Қайыпбек Қамбаров, ОҚО жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы: «Өкімет тарапынан жанармай бағасына байланысты ешқандай мәлімет жоқ. Басқа қалаларда да баға өз орнында тұр. Бірақ өткенде болжамдағандай, қымбаттайды деген әңгіме ғана бар. Дегенмен, Үкімет басшысыы қол қоймады деп естігеніміз тағы бар.»