Арнайы қабылдау орнындағы ашық есік күні (видео)

396
Қабылдау орнының камерасы

Шымкентте қалалық ішкі істер басқармасына қарасты арнайы қабылдау орны бар. Мұнда құжатсыз жүргендер, еліміздің шекарасынан заңсыз өткен келімсектер, түрлі қаңғыбастар қамалып, соттың шешімі шыққанша жатады. Таяуда осы мекемеде ашық есік күні өтті. Бұл іс-шараны прокуратура мен қалалық ішкі істер бөлімі бірлесіп ұйымдастырған.

Қабылдау орнының камерасы
Қабылдау орнының камерасы

Темірден соғылған ауыр есіктің арғы жағында маскүнем, жатыпішер, еріккен сотқарлар, бір сөзбен айтқанда, әкімшілік жауапқа тартылғандар жатыр. Солардың бірі – Намаз Даниев. Қазақстанға жұмыс істеуге келген Өзбекстан азаматы осы жақтан бір-ақ шыққан. Оған құжатсыз жүруі себеп болыпты. Паспортын өз елінде жүргенде жоғалтқанын айтады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Blu9ivH5hAE[/youtube]

Жыл басынан бері осы азамат секілді шекарадан елімізге қарай заңсыз өткен екі мыңдай адам осында қамалған. Олардан басқа ішімдік ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзғандар мен әйелін сабайтындар бар. Олар да осында жеткізіледі. Бір айта кетерлігі, құқық бұзушыларға мұндай жағдай жасалған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=tX3cZ8bFZDs[/youtube]

Тәртіп сақшыларының айтуынша, арнайы қабылдау-қамау орнына сирек те болса нәзік жандылар да түсіп жатады екен. Жыл басынан бері мұнда 39 әйел қамалып шыққан.