Аштық жариялаған жерлестеріміз тамақтана ма?

231
Бір топ жерлестеріміз 10 күннен бері аш отыр

Банкке белшеден қарызға батқан жерлестеріміз аштық жариялауын жалғастырып жатыр ма? Әлде бұл қарызын өтеуден қашып, биліктің назарын аудару әрекеті ме? Естеріңізде болса, осыдан 10 күн бұрын бір топ шаһар тұрғыны жекеменшік қаржы құрылымдарынан несие алып, берешегін өтей алмай, аштық жариялаған болатын. Жерлестеріміздің бүгінгі жағдайымен біз де танысып қайттық.

Бір топ жерлестеріміз 10 күннен бері аш отыр
Бір топ әйел 10 күннен бері аш жатырмыз дейді

Бұл – бір ғана Ұлбике Нысанбекованың басына түскен жағдай емес, бір топ жерлестеріміздің бүгінгі халі. Барлығы бірнеше жыл бұрын банк арқылы несиеге пәтер алған екен. Айтуларынша, енді қарызын құтыла алмай, барынан айырылып отыр. Он күннен бері нәр татпадық деген жерлестеріміз енді мына қаз-қатар салынған төсекке жайғасқан. Жасы егде тартқандарының, тіпті, тұруға шамасы келмейді.

Шырайгүл Алтынбекова
Шырайгүл Алтынбекова

Шырайгүл Алтынбекова, қала тұрғыны: «Біз сонда айуан құрлы жоқпыз ба? Жануарларды да ұшақпен тасып жүр ғой. Не істеймін мен? Биліктің бәрі кәдімгі театр, сахнада жүргендей рөл ойнайды. Алдайды бізді. Маған 4 бөлмелі үйімді қалдырсын. Заттарыма тиіспесін. Менің сұрайтыным осы.» 

Пәтердің қабырғаларына мынадай мәтінді жапсырып тастапты

 Алайда, көрші пәтердегі тұрғындар аштық жариялағандардан зәбір көре бастағандарын айтады. Үй төрайымы қарсылық акциясына қатысушыларды тазалыққа шақырамын деп, таяққа жығылдым дейді. Тіпті, әжетханаға баруға ерінгендердің ластаған жерлерін де көрсетіп берді.

 Үй төрайымы: «Олар тамақтанып жүр, тіпті, пәтерлеріне ет тасып жатқанын өз көзіммен көрдім. Қоқысқа да жиі барып, тамақтарының қалғандарын тастап жатыр. Олар, тіпті, мені пәтерлеріне алып кіріп, соққыға жықты. Жұлыныма зақым келді. Бір өзіме 5-6 адам жабылды. Менің «көмектесіңіздер» деп айқайлағаныма құлақ асқан жоқ, ары-бері сілкіп , келеке-мазақ етті. Мен жедел жәрдем шақырып, полицияға арыз жаздым. Енді ем қабылдап жүрмін.»

 Осылайша қарызын өтеуден орындаудан жалтарған жерлестеріміз биліктен көмек күтіп жатыр. Егер ешкім келіп, көмек қолын созбаса, аш жатуды жалғастырамыз дейді олар.

[youtube]http://youtu.be/rZPrmgXO4o8[/youtube]