Отырар ауданының әкімі Салыхан Полатов тоғыз айда атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Аудандағы 38 елдімекенде 53 мың халық тұрады. Қожатоғай ауылдық округі Арыс қаласына қосылуына байланысты, 1013 га жері жоспары алынып, жалпы аудан бойынша жоспар 18987 га болып белігіленді.
Осы жоспардан бүгінгі таңда орындалмағаны басым. Оның ішінде жүгері дақылынан жоспар 7700 гектар болса, орындалуы 3369 гектар. Меженің толық орындалмауының себебін әкім жасырмады. 4331 га жерге шаруалардың жүгері дақылын егуге ынталары болмауынан дейді. Өткен жылы өндірген өнімдерін өткізе алмай шығынға батқан көрінеді.
Салыхан Полатов, Отырар ауданының әкімі: «»Суармалы жерлердің көлемін ұлғайту туралы» қаулыға сәйкес Отырар ауданы бойынша 2013 жылға жалпы 2 мың гектар жерді айналымға қосу мақсатында 9 каналды тазалау арқылы 750 гектар жер айналымға қосылды».
Жоспар орындалмаған. шаруашылығы бойынша да меже орындалмай отыр. «Сыбаға» бағдарламасы аясында жоспар 700 бас болса, бүгінгі таңға орындалғаны 206, яғни меже 29 пайызға орындалды. Қазіргі таңда Балтакөл ауыл округінен «Жолтөсек» ЖШС-і және Маяқұм ауыл округінен «Мырзақұл» ӨҚ осы бағдарлама аясында несие алу үшін құжаттарын рәсімдеуде. Жыл соңына дейін жоспар толығымен орындалады деп сендірді әкім мырза.
Білім саласына тоқтала кетсек. Отырар ауданында 25 орта, 6 негізгі,11 бастауыш мектептері, 2 спорт және 1 саз мектебі бар екен. Балабақшалардың саны 19-ға жеткен, сондай-ақ, 9 шағын орталық жұмыс істеуде. Республикалық бюджеттен Жәнібеков атындағы лицей-интернатына күрделі жөндеу жұмыстарына қыруар қаржы бөлініп, игеріліпті. Сонымен қатар, Жаңа Шілік ауылында балабақша ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Өзекті мәселелердің бірі — жерасты суларының көтеріліп, жер алқаптарының тұздануы және кәріз жүйесінің істен шығуы. Тозығы жеткен кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстарына былтыр 275 миллион теңге қаралып, толығымен игерілген. Биыл да 748 миллион қаржы бөлініп, жөнделген нысандар жақын арада пайдалануға берілмек. Сырдария бойындағы елдімекендерді су басудан сақтандыру мақсатында шаралар қолға алынып, бүгінде арық атыздар механикалық тазалаудан өткен. Алдағы қыс пен көктемде күрделіктер туындамайды деп сендірді аудан басшылығы.
Ауданда қылмыс өскен. Бөтеннің мүлігін ұрлау, пәтер ұрлығы толастар емес. Бұл бағытта аудан басшысы жастарды жұмыспен қамту бойынша іс шаралар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.