Шымкентте конгресс орталығы ашылды (фото)

Қаламызда «Шымкент конгресс орталығы» ашылды. Бизнес шараларды өткізуге арналған орталық ақылы негізде жұмыс жасайды.

IMG_6236

 

IMG_6237

Кәсіпкер ретінде бір күнге орталықты жалдайтын болсаңыз, ең көбі 400 мың теңгеге дейін ақша төлейсіз. Мамандардың айтуынша, республикада кәсіпкерліктің үлесі 20 пайыз болса, соның ішінде біздің облыс өңірлік үлестің 41 пайызын алады екен. 120 мың кәсіпкері бар Оңтүстік үшін мұндай орталықтың қажеттілігі сондықтан.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Eo5sebjOsrc[/youtube]

Нұржан Әлтаев, ОҚО Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы: «Форум-жиналыстар өткізетін кезде біз ғимарат таба алмаймыз. Кейбір кезде, ұят болса да айтайын, тойханалардың залын сұрап жүретінбіз. Сондықтан бұл ғимараттың ашылуы өте орынды. Меніңше, бұл орталыққа сұраныс өте мол болады.»

Үш конгресс залы, синхронды аудармаға арналған 2 бөлмесі, сондай-ақ, көлік тұрағы бар орталыққа 700 адамға дейін жұмыс істей алады. Мың шаршы метр аумақты алып жатқан заманауи мекемеде халықаралық дәрежедегі көрмелер мен басқосулар, бизнес келісімдер жүзеге асырылады. Айта кету керек, бұл орталықты кәсіпкерлерден басқа да мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жалға ала алады.

IMG_6240

 

IMG_6249

IMG_6256

 

IMG_6220

IMG_6230

IMG_6214