Шымкенттегі ірі өртті 35 адам сөндірді

165
Шұғыл түсірілім

Шымкенттен ірі өрт шықты. Қаладағы Можайский көшесіндегі үйлердің бірінен таңертең өрт шыққан. Бұл туралы суыт хабар кезекшілерге таңғы сағат 7-ден асқанда түседі. Дабыл бойынша оқиға орнына 6 топ пен 35 өрт сөндіруші аттанған.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

Олар оқиға орнына жеткенше қатты лапылдаған жалын көрші екі үйдің шатыры мен қора-қопсыға өтіп кеткен. Бұл жердегі үйлердің бір-біріне жақын орналасқанын айта кету керек. Өрт сөндірушілер дереу үш топқа бөлініп, тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. Бұл үшін, тіпті, шатырды ашуға тура келген.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=FIgD6T-Or_A[/youtube]

Тілсіз жау жалпы аумағы 700 шаршы метр жерді шарпыды. Өртті толық сөндіру үшін құтқарушыларға 1 сағат 40 минут уақыт қажет болды. Абырой болғанда бұл оқиғадан адамдарыдң ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Дегенмен, үйлердің шатырының жартысынан астамы өртеніп кетті. Қазір өрттің неден шыққанын өрт сөндіру қызметінің анықтаушылары тексеріп жатыр.