Жұмыс тапқандар көбейді

Мұхит Әлі

2013 жылдың он айында 12 мыңға жуық азаматты жұмыспен қамтуға және кәсіптік сауатын ашуға көмек берілген. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Әлі 10 айда атқарған жұмыстарын қорытты. Үш бағыт бойынша жүзеге асырылған «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы былтырғыдан да көп нәтиже берді дейді сала басшысы.

Мұхит Әлі
Мұхит Әлі

Өйткені, биыл бағдарламаның үшінші бағыты бойынша 8 мыңға жуық адам тұрақты жұмысқа орналысыпты. Бұл – өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1800 адамға артық. Десе де, әлі де облыста тіркелген жұмыссыздардың саны 70 мыңға жуық. Әртүрлі кәсіпті нәсіп өткен оңтүстікқазақстандықтар ертеңгі күні зейнетақы ала алмай қалмауы үшін бүгінде тиісті жұмыстар жүріп жатыр.

Мұхит Әлі, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы: «Түрлі кәсіппен айналысып жүрген азаматтардың бүгінгі күнкөрісі жақсы. Дегенмен, ертең олардың жасы жеткенде зейнетақы ала алмай қалуы мүмкін. Қазіргі жұмысымыз – базарда істейтіндер мен такси жүргізушілері сынды жұмысты атқарып жүрген азаматтарды құжаттандыруға шақырып жатырмыз. Яғни, ол кісілер патент алуы тиіс. Сонда ғана ертеңгі күні қартайғанда қиналмайды.»