40 жастағы әйел тілсіз жаудың құрбаны болды (фото және видео)

359
Марқұмның денесінің жартысына жуығы жанып кеткен

Шымкентте төтенше жағдай орын алды. Өрт шыққан пәтер ішінде қалған әйел қайтыс болды. Түнгі сағат 12-ге жуық Республика даңғылы бойындағы № 17 «а» үйдің тұрғындары өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне хабарласып, көмек сұраған. Айтуларынша, осындағы пәтердің  бірінен қою түтін шығып жатқан. Дабыл бойынша оқиға орнына 3 арнайы топ пен жеке құрамның 11 маманы шұғыл аттанады.

Олар келгенде пәтердің іші көк түтінге толып үлгерген еді. Ас бөлме мен жатын бөлме жанып жатыр. Өрт сөндірушілер алдымен подъездегі адамдарды қауіпсіз жерге, яғни, сыртқа алып шықты. Одан кейін өртті сөндіруге кірісті.

Тілсіз жау 40 минуттың ішінде толық ауыздықталды. Бөлмелердің ішін тексерген өрт сөндірушілер әйел кісінің денесін тапты. Өкінішке орай, оны ажалдан арашалап қалу мүмкін болмаған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=0YALSg1Jx58&noredirect=1[/youtube]

Өрт сөндірушілер марқұмның мәйітін полиция қызметкерлеріне тапсырды. Қазір қайғылы жағдайдың толық себеп-салдарын тәртіп сақшылары анықтап жатыр.

Өрт ас бөлмесінен шыққан болуы мүмкін
Өрт ас бөлмесінен шыққан болуы мүмкін
Тұрмыстық техника түгі қалмай өртеніп кетті
Тұрмыстық техника түгі қалмай өртеніп кетті
Ұшқын электр желісінен шыққан секілді
Ұшқын электр желісінен шыққан секілді
Электр есептегіш құралдың патрондары ұшып кеткен
Электр есептегіш құралдың патрондары ұшып кеткен
Электр есептегіш құрал жерде жатыр
Электр есептегіш құрал жерде жатыр
Тоңазытқыш та жанып кетті
Тоңазытқыш та жанып кетті
Жалын, негізінен, төбені шарпыған
Жалын, негізінен, төбені шарпыған
Марқұмның денесінің жартысына жуығы жанып кеткен
Марқұмның денесінің жартысына жуығы жанып кеткен