Бейімдеу орталығының екі қызметкері уланып қалды

337
Бейімдеу орталығы

Шымкент қаласындағы белгілі тұрағы жоқ адамдарды оңалту және бейімдеу орталығының екі қызметкері үшін кезекті кезекшілік қайғылы аяқталды. Белгісіз газдан уланып, жуыну бөлімесінде жатқан жансыз денелерді бірінші болып әріптестері байқапты.

Бейімдеу орталығы
Бейімдеу орталығы

22-желтоқсан күні таңертең осы орталықта кезекшілікте болған 39 жастағы фельдшер мен 42 жасар тазалық бикесінің жуыну бөлмесінде ес-түссіз жатқан жерінен әріптестері тауып алған. Өкінішке орай, оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері қос қызметкердің көз жұмғанын анықтады. Марқұмдардың әріптестері қас пен көздің арасында не болғанын түсінбей қалдық деп отыр.

Куәгер: «Таңертең кезекшіліктерін тапсырайын деп жатқан. Шаштарын бояп, жуып шығамыз деген еді. Бар болғаны – сол.»

Бұл оқиғаға қатысты орталық басшылары жағдай нақтыланғанша сұқбат беруден бас тартты. Толық нәтиже сот-сараптамалық тексеруден кейін, 2 апта өткеннен соң белгілі болады. Әзірге тек алдын ала мәліметтер айтылуда.

 Қайрат Нұрмаханов, медициналық сот сараптамасының танатология бөлімінің меңгерушісі: «2013 жылдың 22-желтоқсанында сот сараптама орталығыныың мәйітханасына Қалымбетова мен Күзембаева атты азаматшалардың денесі әкелінді. Денені ашқан сарапшы Құнатбаев олар «көмірқышқыл газымен уланған» деген алдын ала диагноз қойды.»

Бөлменің есігін тергеу біткенше ашуға болмайды
Бөлменің есігін тергеу біткенше ашуға болмайды

Бұл – облыс аумағында иістеніп қаза болғандар тіркелген алғашқы жағдай емес. Төтенше жағдай департаментінің мәліменітнше,ағымдағы жылдын жылу маусымы басталғаннан бері көмірқышқыл газымен уланудың бірнеше фактісі тіркелген.

Айта кететін жайт, баспанасыздарды бейімдеу орталығының басшылығы қыркүйек айында жуыну бөлмесін қызметкерлердің қолдануына тыйым салған екен. Қазіргі таңда осы факті бойынша облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізуде.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=sPomaaGaYEE[/youtube]