Билік партиясы үздіктерін марапаттады

Билік партиясының Шымкент қалалық филиалы бүгін өз саласының үздіктерін марапаттады. Тәуелсіздік тойының құрметіне бас қосқан «Нұр Отан» партиясының мүшелері 22 жылда еліміз жеткен жетістік пен бағынған белестерге партияның да септігі тигенін айтады.

Нұр Отан

Алғыс хатпен марапатталған 13 азамат та билік партиясының белді мүшесі. Елге қалтқысыз еңбек етудің арқасында осынау құрметке бөленген олар ұлтының нағыз патриоты болуды одан әрі де жалғастыруға уәде берді.

Ақжарқын Тұрсынова, №11 мектептің директоры: «Бұл мақтау қағазы мен үшін аса маңызды. Орны ерекше. Өйткені, бір кездері жастарымыз желтоқсанда Алматыда жүргенде мен де солардың арасында болдым. Дәл сол кезде арада 22 жыл өткенде дәл осылай алғыс хат аламын деп ойламаппын. Міне, Аллаға шүкір, тәуелсіз елміз. Мәні жоғары осы жылдар аралығында біздер жоғалтқанымызды таптық. Енді осы барымызды бағалай білуге тиіспіз. Қазақ елінің ортақ жетістігі үшін барымды салып, жұмыс істеп жүрмін.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Xb6–Y85PEs[/youtube]