Шымкентке нағыз қыс келді (фото)

1615
Тал-дарақ ақ мамыққа оранған

Күнтізбені күтіп тұрғандай, Шымкентке қыс келді. Қыс болғанда, тобықтан асар қары бар, аязды қыс. Желтоқсан айының төртінші жұлдызы күні кешке басталған қардың соңы қарға ұласып, қала бір түнде ақ ұлпаға оранып шыға келді.

 

Қалың қарға балалар қуануда
Қалың қарға балалар қуануда
Даңқ мемориалындағы қар тазаланды
Даңқ мемориалындағы қар тазаланды

Қай көліктің гаражда тұрғаны бірден көрінеді
Қай көліктің гаражда тұрғаны бірден көрінеді
Тал-дарақ ақ мамыққа оранған
Тал-дарақ ақ мамыққа оранған

Айта кету керек, қаладағы коммуналдық қызметтің жұмысшылары Шымкенттің көшелерін түні бойы тазалап шықты. Мамандар көшеде көлік тығыны орын алуына жол берген жоқ деуге болады.

Қар тазалайтын көліктер бірінен-соң бірі тізіліп келеді
Қар тазалайтын көліктер бірінен-соң бірі тізіліп келеді 
Үш көліктің соңынан трактор жүр
Үш көліктің соңынан трактор жүр 
Қар жолдың жиегіндегі арыққа сырылады
Қар жолдың жиегіндегі арыққа сырылады 
Арнайы техниканың соңынан таза жол қалды
Арнайы техниканың соңынан таза жол қалды 
Ал аялдамаларды жұмысшылар қолмен тазалайды
Ал аялдамаларды жұмысшылар қолмен тазалайды

Бірден мол жауған қар біраз келеңсіздік те ала келді. Кейбір жерде дымқыл қардың салмағынан ағаш бұтақтары сынып қалды. Абырой болғанда, бұл оқиғалардан адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Мына ағаштың бұтағы сынған
Мына ағаштың бұтағы сынған
Бұтақ жолдың шетінде жатыр
Бұтақ жолдың шетінде жатыр

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=C0HvaB6N0pg[/youtube]