Шымкентте тәуелсіздік мерекесін тойлау басталды

433
Елбасының өмір жолы мен туәелсіздік турасында оқушылар

Шымкентте тәуелсіздік мерекесін тойлау басталып кетті. Айтулы датаға орай қаламыздағы Гайдар атындағы балалар кітапханасында кішкентай оқырмандар бас қосты. Арнайы шарада азаттық таңының қадір-қасиеті мен желтоқсаншылардың тағдыры суреттелген жыр жолдары мен баяндамалар оқылды. 

Шара барысында кітапхана ұжымы Елбасының кемеңгер жолына арнайы тоқталып, қазақ елінінің бастан өткерген қилы замандарды да айналып өтпеді.
Мерекелік шара кітапхананың оқу залында ұйымдастырылды 
Мектеп оқушыларынын құралған оқырмандар тарихи шараны тамашалады
Іс-шараға студенттер мен оқушылар да келді
Бұған қоса, мектеп оқушылары "Тәуелсіздік жолы" атты тарихи трагедиялық қойылымды сахналады.
Оқушылар «Тәуелсіздік жолы» атты тарихи-трагедиялық қойылымды сахналады
Шәкірттер бостандық үшін өмірден өткен боздақтардың рөлін шебер сомдады.
Шәкірттер бостандық үшін өмірден өткен боздақтардың рөлін шебер сомдады
Елбасының өмір жолы мен туәелсіздік турасында оқушылар

Сержан Қасымбекұлы, №50 мектептің оқушысы:"Сержан Қасымбекұлы, №50 мектептің оқушысы: "Мен басты рөлдегі атаның рөлін ойнадым, сәл қобалжу сезімдері болды сахнаалды. Мен болашақта әскери қызметкер болғым келеді. Осы тәуелсіз қазақстанның гүлденуіне үлкен үлес қосып, елімді қорғасам деймін".

 Сержан Қасымбекұлы, №50 мектептің оқушысы: «Мен басты рөлдегі атаның рөлін ойнадым. Әрине, аға-әпкелерімнің алдында аздап қобалжу сезімдері болды. Мен болашақта әскери қызметкер болғым келеді. Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне үлкен үлес қосып, елімді қорғасам деймін.»

Кішкентай оқырмандар "Көк тудың желбірегені" патриоттық әнімен кешті тәмамдады. Және мерекелік сабақта оқырмандар үшін "Тәуелсіздік таңы" атты арнайы кітап көрмесі ұсынылды.

Мерекелік шара соңында кішкентай оқырмандар «Көк тудың желбірегені» патриоттық әнімен кешті тәмамдады. Айта кету керек, мерекелік сабақта оқырмандар үшін «Тәуелсіздік таңы» атты арнайы кітап көрмесі ұсынылды.