Шымкенттің кәсіпкерлері жомарттық жасады

258

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=iLqZBrSGbvk[/youtube]

Бүгін Шымкенттің әлеуметтік жағдайы төмен отбасылары мереке қарсаңында қуанышқа кенелді. Қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен жергілікті кәсіпкерлер тұрмысы төмен 11 жанұяға жаңа жыл қарсаңында сыйлық табыстады.

 Қазіргі таңда Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде көмек қажет ететін  мыңнан астам отбасы бар. «Кең болсаң, кем болмайсың» деген бір топ кәсіпкер қала әкіміне келіп, қайырымдылық жасауды ұсыныпты. Нәтижесінде көпбалалы отбасының балғындары жаңа жылдық сыйлық алып, ата-аналарына азық-түлік тарту етілді.