Шымкенттің коммуналдық мәселесі шешілмек

Петер Юза

Шымкентте шырақтар бұдан да жарқырай түспек. Қала әкімі Дархан Сатыбалды мен Словакия Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Петер Юзаның ресми кездесуі коммуналдық тақырыпта өрбіді.

Петер Юза
Петер Юза

Қос тарап екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайта отырып, шаһарымызда шағын электр стансаларын салу керек деген ұйғарымға келді. Сондай-ақ, кездесуде туризм саласын дамытуда да біршама жұмыстардың жасалу керектігі сөз болды.

Петер Юза, Словакия Республикасының төтенше және өкілетті елшісі: «Біздің ел ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша өз ұсыныстарын айтып отыр. Мемлекеттер арасындағы достықты нығайтып, бірлесе жұмыс істеу үшін келер жылдың көктемінде біздің елге қонақ бола келіңіздер. Ортақ достықтың нәтижесінде біз қос тарапқа да тиімді жұмыстарды жасаймыз деген ойдамын.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ncfcn6UhVow[/youtube]