Тәуелсіздік күні біршама жерлесіміз марапатталды

265
Облыс Мәслихатының Грамотасы табыс етілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс мәслихатында мерекелік іс-шара өтті. Өңіріміздің өркендеуіне елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға облыс мәслихатының грамотасы табыс етілді. Марапталғандардың арасында прокурор, кеденші, денсаулық сақтау, білім саласы мен әділет басқармасының мамандары және құқыққорғау органдарының өкілдері бар.

Облыс Мәслихатының Грамотасы  табыс етілді
Марапаттау сәті

1. Орманов Сұлтан, Сайрам ауданының прокуроры

2. Мергенбаев Берікбай, кеден басқармасы кадрлар бөлімінің басшысы

3. Сейдалиева Қарлығаш, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы

4 .Абдуллаев Амангелді, Сайрам аудандық әділет басқармасының басшысы

5. Оразбаева Ақтолқын, №1 «Дарын» мектебінің ұстазы

6. Халықов Бағлан, облыстық ІІД кадр бөлімінің басшысы

7. Уәлиханов Базарбек Уәлиханұлы, облыстық соттың судьясы

8. Құсайынов Олжас, қаржы полициясының бөлім бастығы

9. Рахманов Талап, банк директоры

10. Байжігітов Қайрат , ҚР ҰҚК ОҚО бойынша департаментінің қызметкері

Сый-құрметке ие болған азаматтар еңбектерінің еленгеніне дән риза. Олар барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

 Сұлтан Орманов, Сайрам ауданының прокуроры: «Барлықтарыңыз адал еңбек еттіңіздер. Ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздігіміз баянды болсын! Еліміз өркендеп, дамыған 30 елдің қатарынан көрінсін. Осы мақсатқа жетуде аянбай еңбек етеміз.»