Жаңашек каналын тазалау аяқсыз қалғандай

314
"Янгишек" каналына жақын қоныстанған тұрғындар үреймен өмір сүріп келеді

Жетіген көшесінің тұрғындары дабыл қағады. Жұртшылық көріктендіру жұмыстары басталып, аяқталмай қалған Янгишек каналынан төнетін қауіпке үрейленеді. Нөсерлі жаңбыр мен қар суы арықққа сыймай тасып кете ме деген қауіп бар.

"Янгишек" каналына жақын қоныстанған тұрғындар үреймен өмір сүріп келеді
Янгишек каналына жақын қоныстанған тұрғындар үреймен өмір сүріп келеді

Көше тұрғындары осыдан үш жыл бұрын жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деп келген мердігер компания каналдың бойындағы барлық ағашты кесіп тастады деп ашынады. Содан кейін жұмыс тоқтап қалған. Арық-атыз қоқысқа толы. «Су жиегінен тасыған күні ауламыз батпақ болады. Біз қашанғы үреймен өмір сүре бермекпіз? Тезірек Янгишектің тазалау жұмыстары аяқталса болар еді» дейді тұрғындар.

Жергілікті тұрғындардың каналды тазалау жұмыстарын күткелі талай жылдың жүзі болыпты. Мәселені көтеріп бармаған жерлері қалмаған. Қала билігі каналдың бойын көріктендірімез деп, бірқатар үйлердің ауласы мен сарайларын бұзған да екен. Ал мердігерлер ағаштарды аямай кесіп, жұмысты аяқсыз қалдырған. Мұның себебін жергілікті биліктен сұрамақ болғанымызда жауабын бір-біріне сілтеуден әрі аса алмады.

Ерубай Құралбаев, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі: «Каналдың жөндеу жұмыстарына құрылыс бөлімі жауапты. Біз тек күнделікті тазалығына жауап береміз. Қошқарата, Янгишек, Қарасу өзендері қоқыстан күнде тазаланады. Бұл жұмысты қадағалап отырамыз.»