Анастасия Прилепа сәбилі болды

356
Настямен Романды сәбилі болуымен құттықтаймыз.
Настямен Романды сәбилі болуымен құттықтаймыз.
Настя мен Романды сәбилі болуымен құттықтаймыз

Кезінде Олимпиада ойындарында ептілігін сынға салған Анастасия Прилепа ана атанды. Жүзу спортының шебері Настя өткен жылы Роман есімді гандболшымен отбасын құрған болатын. Енді жас жұбайлар 2014 жылдың 5-қаңтарында сәбилі болды. Спортшы қызының есімін Доминика деп атапты. Босанғаннан кейін үш күн өте салысымен-ақ  Настя мен Доминика перзентханадан шығып, жаңа жыл қарсаңында облыс әкімдігінен сыйға алған пәтеріне оралды.

Естеріңізде болса, Настяның Оңтүстік спортына қосқан үлесі үшін екі бөлмелі пәтердің кілті табыс етілген болатын. Облыс әкіміне ризашылығын айтқан чемпион жаңа жылды сол пәтерінде қарсы алған еді. Енді спортшылар отбасы тағы бір бақытқа кемеліп отыр.

«Сәби болашақта спортшы болады. Жүзу спортына келеді»деп Прилепаның бапкері Александр Дьячков қуанышымен бөлісуде. Өйткені, Прилепа Олимпиада ойындарына қатысады деген бірегей үміткерлердің бірі. Отбасылы болған кезде Настя спорттан кетеді деген сыбыс та шыққан болатын. Алайда чемпион-ана босанғаннан кейін үлкен спортқа қайта ораламын деп уәдесін беруде.