Úı Jańalyqtar Бір тәулікте диспетчерге 65 қоңырау түскен

Бір тәулікте диспетчерге 65 қоңырау түскен

Шымкентке соңғы екі күнде қардың бір айлық мөлшерінің жауғаны тұрғындарды титықтатыпты. Осы күндері қала әкімдігінің дистпечерлік бөліміне қала тұрғындарынан 65 арыз-шағым түскен.

 Оның ең көбісі кешегі жауын-шашында жарықтың жиі сөнуіне қатысты. 4 арыз судың тасуына байланысты болыпты. Бүгін таңертең қар астында қалып, ауласынан шыға алмаған 5 тұрғын көшенің қардан тазаланбағанына ашынып, қоңырау шалған. Ал жылу беру бірқалыпты, тек үйішілік және жертөледегі құбырлардың жарылғыны туралы 5 оқиға тіркелген.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=3iBS6pPmjBc[/youtube]