Мемлекеттік қызметтің автокөлігін мас күйінде басқарған жүргізуші ұсталды (видео)

313

Шымкентте мемлекеттік қызметке тиесілі автокөлікті рұқсатсыз мініп жүрген жас жігіт ұсталды. Бұған қоса автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі жалған болып шықты.

Шымкенттің тәртіп сақшылары көлікті рұқсатсыз мініп жүрген жүргізушіні ұстады. Бұл факті «Қауіпсіз қала» арнайы операциясын жүргізу барысында анықталған. Облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының жол-патрульдік полиция қызметшілері Адырбеков және Рысқұлов көшелерінің қиылысынан Тойота Камри автокөлігін тоқтатады. Оның жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен дейді құқық қорғаушылар.

Нұрғазы Бұйрабав, шымкент ҚІІБ ЖПП взвод командирі: «Тойота Камри автокөлігін бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткені үшін тоқтаттық. Рөлде отырған азаматтың құжаттарын тексеру барысында көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі жалған екені анықталды. Бұған қоса жүргізушінің спирттік ішімдік ішкені анықталды.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=yY-NnQ8-mVs[/youtube]

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жүргізушіге біраз сұрақтар қойды. Ол алдымен «Көлікті қасымдағы жолдасым басқарды» деп жалтармақ болғанымен, онысынан түк шықпады. Сұрау салу барысында жас жігіт бұл көлік «әкімдікке тиесілі» деп қалды. Ағасы жүргізуші болып жұмыс істейді екен. Оның іс-сапарға кеткенін пайдаланған жігіт көлікті көшеге мініп шығыпты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=K3evdQhCkEU[/youtube]

«Қызықтың» көкесі мұнымен бітпеді. Жүк салғышты ашып, ішін қарау барысында полиция қызметкерлері тағы бір автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін тауып алды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=_nUJVOorEmA[/youtube]