Студенттер пәтер жалдап жүр

537
ОҚМУ-да жатақхана тапшылығы жоқ

Эльмира Тағай – қаламыздағы Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік университеттің студенті. Жоғары оқу орнына тиесілі №3 жатақхананың тұрғыны. Үш жылдан бері осы бөлмеде тұратын ол жатақхананың екінші үйіне айналғанын айтады.

Айта өтейік, Эльмира секілді тағы да  1 500 студент осы атаулы оқу ордасына тиесілі 5 жатақханада тұрады. Жағдайлары жасалғанымен күрделі жөндеу жұмыстары керек екенін жасырмайды.

Жандос Қорғанбаев, ОҚМУ студенттердің кәсіподақ ұйымының төрағасы: «Біздің жоғары оқу орнында 12 мың 500 студент оқиды. Соған қарамастан бізде жатақханада орын жетіспеушілігі деген мәселе жоқ. Жатақханамызда 100 студентке дейін орын жеткізе алатын жағдайымыз бар. Бізде әрқашанда артығымен орындар болады. Жетпеу деген жағдай болмаған.»

ОҚМУ-да жатақхана тапшылығы жоқ
ОҚМУ-да жатақхана тапшылығы жоқ

Сонымен саралайық, бұл жоғары оқу орны студенттерінің басым бөлігі жергілікті. Яғни, 60-70 пайызды құрайды. Ал қалған 20 пайызы жатақханамен қамтылған. Қалғандары пәтер жалдап тұрады. Себебі де сан түрлі.

Жандос Қорғанбаев, ОҚМУ студенттер кәсіподақ ұйымының төрағасы: «Көп студенттер жатақханаға тамыз-қыркүйек айларында жайғасып алады да, кейін қаша бастайды. Өйткені, жатақхананың өзіндік ережелері бар. Бұл жерде белгілі тәртіп бар. Оған көнгісі келмеген студенттер, түнгі сағат 11-ден кейін жүргісі келетін студенттер пәтер жалдап, пәтерге шығып жатады деп ойлаймын.»

Ал Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева елімізде жоғары оқу орындарының саны артқанымен, жатақхана мәселесі күрделеніп жатқанын айтады.

Облыстық мемлекеттік университеттен басқа 16 жоғары оқу орны бар өңіріміз студенттерін жатақханамен қамтуда белсенділік танытар емес. Оған мүлдем жатақханасы жоқ жоғары оқу орындарын тағы қосыңыз. Сондықтан болар, пәтер жағалайтын жастар көп.