Қошқар ата өзені жағалауын көріктендіру жұмыстары көктем шыға қайта қарқын алды. Қазір мұндағы құрылыс жұмыстарын «Барат и компания» ЖШС жүргізуде. Жұмыстың сапасын «Оңтүстік күрделі құрылыс» мекемесінің техникалық қадағалаушысы бақылайды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Y_E_lXRKi5w[/youtube]
Абаттандыру мен көріктендіру жұмастарының жалғасында өзен маңайын темір шарбақтармен қоршау ісі тұр. Ал жасыл желекті суару бойынша су жүйесі де қарастырылған. Облыс әкімінің берген тапсырмасына сәйкес нысан осы жылдың мамыр айында пайдалануға берілуі тиіс.