Ұшақ апатына қатысты сот жалғасуда

313

Шымкенттің Абай аудандық сотында АН-72 әскери ұшағының апатқа ұшырауына қатысты сот отырысы жалғасуда. Айта кетейік, атышулы процеске судья Саидбаттал Тоқбергенов төрағалық етеді.

Ұшақ апатына қатысты сот жалғасуда

Кезекті сот отырысына Қанат Ақылбековтың әкесі және «Қазаэронавигация» мекемесінің Шымкенттегі филиалының директоры да қатысты. Сондай-ақ, ұшақ апатында құрбан болған Шекара қызметі басшысының міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбековтың ұлы да келді. Ол ұшақ апатына диспечердің кінәсі бар деп отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=SVL7n0dsUO8[/youtube]

Ал диспечер Қанат Ақылбековтың басшысы, керісінше, айыпталушының кінәлі екеніне сенбейтінін жеткізді. Ол Қазақстан Республикасы Бас пркуратурасының «Әуе апатына техникалық ақау себеп» деген алғашқы мәліметін алға тартып отыр. Ал қазір істің райы мүлдер өзгеріп кеткенін айтады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=UIAANjIN6HQ[/youtube]

Сот отырысы аяқталған соң Қанат Ақылбековтың әкесімен жолығып сұхбат алуға мүмкіндік туды. Жұмабек Ақылбеков те кезінде осы саланың маманы болған екен.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=6QiBKzoEpQA[/youtube]

Бүгінгі сот отырысында осы іс бойынша куәгерлер тыңдалады. Олардың сөзі бір-біріне жетпеуі үшін сот отырысына БАҚ өкілдері қатыстырылмайды. Сот осылай деп шешіпті.