Қалалық № 10 жекпе-жек түрлері мектебінің шәкірттері ел чемпионаттарынан оралды. Облыс мақтаныштарын спорт ордасының әкімшілігі арнайы атап өтті. Самбо және қазақ күресінен Серкебай Ерназар екі бірдей алтынға қол жеткізді. Ал Бақытжан Әлімжанов бұл жарыстан екінші орыннан көрінді. Грек-рим күресінен Мамырбек Мұхамедали да күмістен алқаны қанағат етті. Қола медальды дзюдо күресінен Абу Мақсатпен Олжас Рысбек жеңіп алды. Ал ел тарихында алғаш рет қазақ күресінен алтын алқаны шымкенттік бойжеткен Перизат Қадырбекова еншіледі.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=lbVdy87xlz0[/youtube]