Жаңалықтар 

Ан-72 ұшағының апатына қатысты сот басталды

Шымкентте АН-72 ұшағының апатына қатысты сот басталды. Әскери ұшақ 2012 жылдың 25-желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы аумағына құлаған еді. Бүгін, 4-наурызда Шымкенттің Абай аудандық сотында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметіне тиесілі әскери ұшақтың апатқа ұшырау дерегі бойынша алғашқы сот отырысы өтті. Іс 42 бумада жинақталған.

Айыпталушы - Қанат Байымбетов (оң жақта) және оның қорғаушысы
Айыпталушы – Қанат Ақылбеков (оң жақта) және оның қорғаушысы

Еске салайық, АН-72 ұшағының апатқа ұшырауының кесірінен 27 адам қайтыс болған еді. Оның 20-сы – әскери қызметкер, жетеуі – экипаж мүшесі. Ұшақ апаты құрбандарының арасында шекара қызметі басшысының міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбеков пен оның әйелі және Шекара қызметінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары бар еді. Борт мүшелері тәжірибелі мамандар. Қандай да бір қателікті әдейі жіберуі мүмкін емес. Мұны экипаж қызметкерлерінің туыстары да растап отыр.

Сәуле Үсенова: “Диспетчердің кінәсі. Тәжірибелі экипаждағылар бұлай жасауы мүмкін емес. Неге ұшақ жерге қона алмады? Неге диспетчер оның ұшу биіктігін көрмеді? 800 емес 300 метрден қона бастаған негізі.”

“Қазаэронавигация” мекемесінің Шымкент филиалының диспетчері Қанат Ақылбековке қатысты қылмыстық істі Қазақстан Республикасының бас әскери прокуратурасының тергеу тобы қозғады. Ол ұшақтың апатқа ұшырауына кінәлі деп айыпталып отыр.

Алғашқы тыңдалымға сол күні апаттан қаза тапқан азаматтардың 9 өкілі қатысты. Ал кінәлі деп айып тағылған Қанат Ақылбеков прокурор таққан айыппен келіспейтінін жеткізді.

Аталған іс бойынша сегіз куәгердің сотта жауап беретіні белгілі болды. Қосымша куәгерлер мен ресейлік сарапшылар да қатысуы мүмкін. Алғашқы сот отырысында “Қазаэронавигация” мекемесінің Шымкент филиалының басшысы куәгер ретінде алғашқылардың бірі болып сұралды.

Сот залында куәгер ретінде жауап беріп отырған Михаил, ә дегеннен-ақ, диспетчерді ақтай жөнелді. Оның айтуынша, Қанат Ақылбеков – өз ісіне жауапты, әрі өте тәжірибелі маман. Апаттың орын алуына кінәлі деп танылған бұл азамат 2013 жылдың желтоқсанынан бері үй қамауына алынған. Енді қазір қайғылы оқиға бойынша мән-жайды алдын ала кесіп айтуға әлі ерте, өйткені сот отырысы мұнымен бітпейді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz