ВТБ Банкі (Қазақстан) Visa компаниясымен бірлесіп, ВТБ Банкінің (Қазақстан) сыйлық карточкалары — Visa Gold, Visa Platinum немесе Visa Infinite ұстаушыларына арналған жаңа маркетингтік акцияны іске қосу туралы хабарлайды.
Қазақстанның барлық аумақтарында 2014 жылдың 10-наурызы мен 30-сәуірі аралығында акцияны өткізу кезінде Visa сыйлық карточка бойынша сатып алуларды төлей отырып және www.visa.kz сайтында барлық өндірілген транзакцияларды тіркеп, сыйлық карточка ұстаушылары автоматты түрде супер жүлде ұтыс ойынының қатысушысы болып табылады.
MEGA Alma-Ata СОО 35 000 теңгеден аса сомаға картамен сатып алуларды немесе қызметтерді төлейтін сыйлық картаның әрбір иесіне қосымша жүлделер қарастырылған.
Дмитрий Яковлев, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасының бөлшек сауда бизнесін дамыту жөніндегі кеңесшісі: «Акция кезінде Visa компаниясымен бірлесіп, тұтынушыларға ақшасыз есеп-айырысулар қызметтерінің ерекшеліктерін көрсетуді қалаймыз. Бүгінгі күні ақшасыз төлемдер – бұл тек қана жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз ғана емес, ол бағалы жүлделерді ұтып алуға жақсы мүмкіндік».
Банк ВТБ (Қазақстан) сыйлық карточкалары — Visa Gold, Visa Platinum және Visa Infinite, талғампаз клиенттеріне арналған ұсыныстарды ұсынады: жай қаржы құралдарынан және бірегей артықшылықтар мен басымдылықтарға дейін. Visa сыйлық карточка ұстаушыларына клиенттерді қолдайтын Ғалами қызметтеріне (жедел қолма-қол ақшаны беру, картаны ауыстыру, 24/7 тәртібінде бүкіл әлем бойынша ақпараттық қолдау), медициналық және заңгерлік анықтама қызметтеріне, бүкіл әлем бойынша сауда кәсіпорындарының жеңілдіктеріне және басқа да ұсыныстарына рұқсат береді.