Шымкентте «Кәсіпкер kz» экономикалық ойынының тұсауы кесілді

440
Ойын қорапшасы - 3 мың теңге тұрады

«Кәсіпкер kz» экономикалық ойыны — адамның кәсіпкерлік, логикалық ойлау қабілетін дамытуда таптырмас құрал. Ойын картасында еліміздің «Жасыл экономика» принциптеріне сай келетін маңызды кәсіпорындар, инвестициялық жобалар орналасқан. 

Ойын картасы
Ойын картасы

Басты мақсат — мемлекет аумағында инвестиция тартуға болатын орындармен танысып, оған сауатты түрде ақша құю, банктермен қарым-қатынас орнатуға үйрену. Ойын авторы бұл жоба аясында үш жыл еңбек етіп, ізденгенін айтады. Ендігі мақсаты — ойынды оңтүстікқазақстандықтарға үйрету.

Алтын Есіркепова, «Кәсіпкер kz» ойынының авторы: «Елбасы айтқандай, кәсіпкерлікті дамыту керек. Дамытқанда да сауатты дамыта білу керек. Сол үшін бұл ойынды көпшілікке үйретсем деймін. Көбісі білмейді. Танымал еткім келеді. Сол үшін жұмыс істеймін.» 

Ойынның тұсауы кесілді
Ойынның тұсауы кесілді

«Кәсіпкер kz» ойыны халықтың экономикалық сауаттылығын дамытады. Оны мектеп жасындағы зерек баладан бастап, кез келген азамат ойнай алады. Ал оны үйрену тегін. Тек ойынның қорапшасын сатып алсаңыз болғаны. Оның бағасы — үш мың теңге. Мемлекет тарапынан қолдау тапқан жоба аясында 5 адам жұмыс істеп жүр. Ал ел қоржынына салық түріндегі қосымша қаржы түсті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=S2Fyp2gCnnk[/youtube]

Әділет Пірімқұлов, «Шымкент инновация» ЖШС сарапшысы: «2013 жылы «Даму» қоры 22 жобаны қаржыландырды. Жалпы құны 90 миллион  теңге болып отыр. Жыл бойы 3 байқау өткізіліп, 70 ұсыныс қаралды. Ал мына жобаға 3 миллион теңге берілді.» 

Ойын қорапшасы - 3 мың теңге тұрады
Ойын қорапшасы 3 мың теңге тұрады

Бұл ойынды алғашқылардың бірі болып облыстың жас кәсіпкерлері мен блогерлері сынақтан өткізді. Үш айналымда кәсібін дамытқан, табысын ұлғайтқан кәсіпкер атану үшін әжептеуір әуреленді. Барлығы ойынның кәсіпкерге жолсілтеуші құралға айналатынына көз жеткізді.