Шымкенттің үздік каратэ-дошылары Кувейтте өткен Азия чемпионатында топты жарды. Ел құрамасының сапында бірнеше шымкенттік каратэші де болған еді. Нәтижесінде Мадина Өтелбаева екі рет жеңіс тұғырына көтерілді. Бойжеткен ақтық кездесуде Иран спортшысымен бақ таласты. Алайда кездесу барысында Мадина ернінен жарақат алып, төрешілер жерлесімізге жеңісті берді. Өйткені жекпе-жек барысында қарсыластар бір-біріне мұндай жарақат салмауы қажет.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=KNr5T5esZXU[/youtube]
Мадина осыған дейін де бірнеше рет Азия чемпионатына қатысқан. Алайда алтыннан алқа таға алмай келген еді. Ал бұл жолы шымкенттік спортшының бағы жанды. Ол жекелей сынақтан бөлек командалық есепте де топты жарды.
Оңтүстік қоржынына күміс медальды бұл жолы Алдияр Мелдеханов салды. Алдияр 75 келідегі спортшылар арасында сынға түскен болатын. Ол ақтық кездесуде бойы 2 метрге жуық ирандық каратэшіге есе жіберді.
Қоладан алқаны Дархан Асаділов тақты. 60 келілер арасында сынға түскен Дархан әлем чемпионатында күмістен алқа таққан жалғыз қазақ спортшысы болатын. Бұл жарыстан кейінде ол әлемдік аренада топты жаруға дайындығын бастайды.
Ал командалық есепте Дамира Сухамбердиева үздік танылды. Ол үшінші орыннан көрінді.
Тағы бірнеше күннен кейін Шымкентте республикалық оқу-жаттығу жиыны басталады. Содан кейін отандастарымыз Оңтүстікте өтетін ел чемпионатына қатысады.