Úı Jańalyqtar Отырар ауданында үшем дүниеге келді

Отырар ауданында үшем дүниеге келді

Отырар ауданында үшем дүниеге келді. Күні кеше Арыс ауылында үшем дүние есігін ашты. Тәуелсіздік алғаннан бері Отырар тарихында алғаш рет үшемдерді дүниеге әкелген ата-анасын аудан әкімі С.Полатов арнайы барып, құттықтады.

Аман, Есен, Тұрсынай есімді үшемдердің қазіргі жағдайы жақсы. Алты баланың ата-анасына аудан әкімі еліміздің ертеңі болатын осы сәбилердің денсаулығы мықты, елімізге танымал ер-азаматтар болып өсе беруіне тілектестігін білдіріп, үшемдердің анасына аудан әкімдігі және «Заречное» АҚ-ның атынан қаржылай сый-сияпат көрсетті.

Дереккөз: Отырар ауданы әкімі аппаратының баспасөз қызметі