Шымкентте саңырау және мылқау жандарға арнайы такси қызмет етеді

388
Жаңа жобаның таныстырылымы

Шымкентте саңырау және мылқау адамдарға арналған такси қызметі ашылмақ. Бұл жөнінде облыстық кәсіпкерлер палатасының басшылығы мәлемдеді. Айтуларынша, ел аумағында алғаш рет қолға алынған осынау қызметтің түрін мылқау адамдар емін-еркін қолдана алады. Тек ұялы телефондарында ғаламтор бағдарламалары болса болғаны.

Жаңа жобаның таныстырылымы
Жаңа жобаның таныстырылымы

Мақсат Қасымбеков, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары: «Әдетте жол бойында жүретін таксисттер 500 теңге алады ғой, бұл ұсыным да 500 теңгеден басталады. 7 км-ге дейін 500 теңге, одан кейін әр км-іне 100 теңгеден қосылып отырады».

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=nkajSZrOKlg[/youtube]

Мүгедек жандар арнайы желі арқылы таксиге тапсырыс бере алады. Тіпті оның жүргізушісіне мекен-жайды түсіндірудің де қажеті жоқ. Тұтынушының тұрған жерін арнайы GPS бағдарламасы арқылы таксисттің өзі тауып алады. Ал есік алдына қоғамдық көліктің келіп тұрғанын шақыртушының ұялы телефонына арнайы дабыл белгісі хабарлайды. Айта кетейік, бүгінде бір ғана Оңтүстік қазақстан облысында 4800 саңырау және мылқау адам тұрады. Оның 2000-ға жуығы шымкенттік. Сондықтан қызмет түрін тұтынушалар табылатыны анық. Бірақ, олардың көбі бұған дейін интернеттің қызметін қолданбағанын айтып, жаңа бағдарламаны тұтыну қиынға түсетінін жасырған жоқ.

 

жарымжан жандар жаңа техникага тәнті болды
жарымжан жандар жаңа техникаға тәнті болды

 

Дильфуза Ибрагимова, «Бағасы сәл қымбаттау, бірақ бұған қарамай, ұнады, болады. Бірақ мен алдын интернетті қолданған емеспін, сондықтан қиын мен үшін. Енді үйренуге тура келеді».