Жалған хабар таратқан азаматшаның үстінен қылмыстық іс қозғалды

149

Шымкент қаласының әкімі өткізген брифингте қалалық полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов жалған ақпарат тартқан Арыс қаласының тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

Арыс қаласынан үшінші мегаполиске эвакуацияланған тұрғын №50 мектепке тұрақтаған, сол кісі әпкесіне қоңырау соғып «бомба жарылуы мүмкін» деп хабарлаған.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 274-бабы 1-бөлігі «Көрінеу жалған ақпарат тарату, яғни қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.