Бес бейіттің тазалығы қатаң қадағаланады

828

Өлі разы болмай, тірі байымас. Ораза айтының алғашқы күнінде қаладағы бейіттерді тазалау жұмыстары басталды. Бейіт басындағы тазалықты сақтау, сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ, туыстары жоқ жандарды жерлеу жұмыстарын атқару үшін арнайы тендер жарияланған. Оның жеңімпазы атанған «Ритуал» ЖШС жұмысын бастап кетті.

Ұлық мерекенің алғашқы күні бақилық болғандарды еске алып, игі амалдар жасаған абзал. Биыл бұл күні қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастамасын іске асырумен тұспа-тұс келді. Мазарларды тазарту, көріктендіру ісі басталды. Қала тұрғындары таңертеңнен бейіт басына  көптеп жиналды. Жақындарының жатқан жерін тазалады. Құран аяттарын бағыштады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=JHHyBw2GRZI[/youtube]

Мазаратқ келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Тек ережені сақтап, тазалықты жандарына серік етсе болғаны дейді шырақшылар. Олардың айтуынша, апта сайын бейіттегі қоқыстар шығарылып тұрады, бұл істе көбінесі қала жастары көмек қолын созады екен.

Мұхамед Ахметов, шырақшы: «Жастар көп келеді. Көмек қолын созады. Арнайы қоқыс жинайтын жер дайындадық, сол жерге үйіп қоямыз. Аптасына бір рет келіп, әкетеді.»

Қаладағы бес мазараттың тазалығы үшін «Ритуал» ЖШС жауапты. Қалалық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімінің арнайы тапсырысымен мердігер компания үш мұсылман, екі христиан мазаратында жұмыс жасайды. Бүгіннен бастап іске кіріскен мамандар Бәйдібек би көшесінің бойындағы христиан бейітін қоқыстан тазалап жатыр. Мердігер компанияның басшысы Фарид Загировтың айтуынша, мазараттарды тазалау жұмысына 18 жұмысшы жұмылдырылған.

«Қоқыс көбінесе қолмен тазаланады. Сосын техникаға артып, шығарып тастаймыз. Ал сумен қамтуға келсек, кей мазараттарда үздіксіз ағатын су бар. Ал жоқтарында арнайы бөшкеге толтырып отырамыз. Әзірге судан мәселе жоқ».

Тазалық және  сумен қамтамасы зетуден бөлек жақындары жоқ жандарды жерлеру де мердігер компанияның мойнында екен. Бұл негізгі үш бағыттағы жұмысты атқару үшін қала бюджетінен 7 миллион теңге бөлініпті.