Мердігердің қызметіне тұрғындардың көңілдері толмайды

197
газ құбырлары тартылған

«Көгілдір отыр сұраймыз деп, баспанамыздың сыйқы бұзылды». Көпшілік «Ескі қалашық» деп атап кеткен шағынауданындағы Өзбек көшесінің тұрғындары осылай деп шағымданып отыр. Айтуларынша, үйді-үйге газ жүргізетін мердігер компания құбырды терезенің дәл ортасымен бойлай жүргізген. Тұрғындар желінің биіктігін қосуды сұрағанда жекенің меншігіндегі мекеме басшылығы қосымша қаржы төлеуді талап етіпті.

газ құбырлары тартылған
Өзбек көшесі


Күпиниса Хакімжанова, Өзбек көшесінің тұрғыны: «Менің бұл жұмысты атқарып жатқан мекеменің қызметіне көңілім толмайды! Бұл не деген масқара?! Құбырларды терезенің ортасымен бойлай жүргізді. Мен ғана емес, мұндағы барша үй арызданып отыр. Үйім онсызда қараңғы еді, мынау құбыр одан бетер үйімді тұмшалады ғой. Қосымша көтеріңдер десем, 1 метрге 20 мың теңге сұрап отыр».

Тұрынғындардың шағымымен танысқан «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның өкілдері мердігер компанияның басшылығымен кездесіпті. Көгілдір отынға жауаптылар жобаның құжаттамасына бірқатар өзгерістер ензгіздік деп отыр. Айтуларынша, газ желілерінің жеке үй алдындағы биіктігі 3 метр болуы тиіс.

Серікхан Байзақов, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ОҚОФ бас инженері:»Жеке үйлердің биіктігі әр түрлі, сондықтан мердігер компанияның қызметкерлері құбырды баршасына бірдей етіп, 3 метр биіктікте орналастырған екен. Енді мердігер мекемеге құбырдың биіктігін 3,5 метрге көтеріңдер деген бұйрық берілді.»