Сарығашта егіс көлемі артып келеді

248

Сарыағаш ауданы егіс көлемі межесін толығымен еңсерді. Қазір ауданда есістік алқабы 73 000 гектарға жуықтады. Сондай-ақ, 700 гектар жерге тамшылатып суару тәсілі де бірте бірте жолға қойылып келеді.

vlcsnap-2014-07-18-19h04m20s167

Жылдан жылға табысы еселене түскен дихан қауымның бір ғана базынасы бар. Кәсіпкерлігін ары қарай түлету үшін жер көлемін арттыруға қолғабыс жасауды сұрайтын егіншілердің мақсаты айқын.

Ауданда мал бордақылау ісі де ілгерілеп келеді. Әсіресе, өз үйінің ауласынан шықпай-ақ бір үйлі жанды жұмыспен қамтып отырған жергілікті тұрғындардың еңбекқорлығы да өзгеге үлгі. Сала мамандарының айтуына қарағанда, мал шаруашылығында бір ғана түйткілді проблема бар. Ол — мал басын бірегейлендіруге қатысты. Жауаптылар бұл бағыттағы жұмыстар жүйеленбесе, екпе жүргізу қиынға түседі деп қауіптенеді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=wTllD7oAbII[/youtube]

Биыл ауданда 26 гектарға жылыжай салу межесі де толық орындалды. Қазір ауданда 1200 жылыжай жұмыс істеп жатыр.