Шымкент жылу беру маусымына 60% дайын

387

Шымкенттіктердің басым бөлігі жылуға қарыз. Осы себепті олардың жылусыз қалатын қаупі бар. Халықтың 630 миллион теңге берешегі № 3 Жылу-энерго орталығындағы бірқатар жөндеу жұмыстарын артқа тартып отыр.

Оның үстіне екінші генераторды күрделі жөндеу жұмыстары кеш басталған. Дегенмен, шымкенттіктерді алдағы жылу маусымында жауратпауға 60 пайыз дайынбыз дейді орталықтың басшылары.

№3 энергоорталықтың жұмысымен танысқан қала басшысы Дархан Сатыбалды қала бюджетінен қысқа дайындық жұмыстарына 808 миллион теңге бөлінгенін жеткізді. Шаһар басшысы тұрғын үй қорының дайындық жұмыстарын да назардан тыс қалдырмады. Орталықтандырылған жылу жүйесіне екі мыңға жуық тұрғын үй қосылған. Олардың 941-і жылу беру маусымына сақадай сай. Дархан Амангелдіұлы қысқа дайындықты дер кезінде аяқтауды және биылғы маусымға тиісті жұмыстарды қатаң қадағалауды тапсырды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=YboYcdPk0JQ[/youtube]

Сондай-ақ, қала басшысы Мардан Сапарбаев көшесіндегі жылу құбырының жөндеу жұмысымен танысты. Естеріңізде болса, бұл көшедегі тұрғындар жыл сайын жылу құбырының жарылуынан зардап шегеді. Жуырда ғана үйлерін су басып, апатты жағдай орын алған болатын.