Шымкенттің ортасындағы жол апатынан 2 адам мерт болды

214
Шұғыл түсірілім

Шымкенттің қақ ортасындағы жол-көлік оқиғасы орын алып, соның кесіріннен екі адам опат болды. Тағы бірнеше адам ауруханада жатыр.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

26-шілденің түнінде, сағат 4 шамасында Арғынбеков және Мәделі қожа көшелерінің қиылысында «Нексия» және «Мазда» көліктері соғысып қалды. «Нексияда» 6 адам болған. Солардың екеуі – 22-23 жастағы екі қыз алған жарақаттарының кесірінен оқиға орнында мерт болды. Төрт адамды сол жерге келген жедел жәрдем дәрігерлері ауруханаға алып кетті.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=3bpiM2y5T-k[/youtube]

«Мазда» көлігінің орта дәрежеде жарақат алған жүргізушісі сағатына 60 шақырымдық жылдамдықпен келе жатқанын айтады. Бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқанда бір бүйірден жол реттегіштің қызыл түсіне қарамастан «Нексия» көлігі келіп соқты дейді. Қазіргі таңда қай жүргізушінің жол жүру тәртібін бұзғанын жол-патрульдік полициясының анықтаушылар тексеріп жатыр.