Жазда жарақат алған балалар көбейеді

811
қадағалаусыз қалған балалар бақытсыз жағдайларға ұшырайды

Жарақатқа толы жаз мезгілі. Қазір облыстық балалар ауруханасында түрлі деңгейде жарақат алған кішкентай науқастардың саны артып отыр. Ересектердің бақылауынсыз қалған балалар бақытсыз жағдайға ұшырап, ауруханадан бір-ақ шыққан.

қадағалаусыз қалған балалар бақытсыз жағдайларға ұшырайды

Бірі қолын сындырып, ендібірі аяғын жаралап алған 30 шақты жерлесіміз қазір травматологиялық бөлімнің палатасында жатыр. Жеміс жеймін деп, ағашқа өрмелеген жеткіншектер жерге құлап, таяқ жесе, алаңда алаңсыз ойнап жүрген балалар көлік астына түсіп, жазатайымға жағдайға ұшыраған.

Нейрохирургия бөлімі де науқастарға толы. Жазатайым терезеден құлаған балалардың бірі бассейнге түссе, бірі жүріп келе жатқан көлікке тап болған. Мұндай оқиғаларға ұшырағандардың дені көбіне бас сүйектері жараланып, түрлі деңгейде жарақат алады. Ауыр жарақаттанған кішкентай Мағжанға да дәрігерлер жедел түрде ота жасап, өміріне араша түсті. Бір айдан бері науқас ауруханада тиісті ем-домын алып жатыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=VWv–nCXD3c[/youtube]

Жылдан жылға әсіресе жазғы мезгілде күйік шалғандар саны да артады. Ақ халаттылар абайсызда тоқ ұрып, жалыннан жапа шеккендердің өмірі үшін жанталасады. Мұндай оқиғаларға дәрігерлер көп жағдайда балаларын қадағалаусыз қалдыратын жауапсыз ата-аналарды кінәлайды. Сондықтан да ақ халаттылар бақытсыз оқиғаның бетін аулақ қылсын десеңіз, бауыр еті – балаңызға көзіңіздің қарашығындай қараңыз деп ескертеді.