Қалалық білім бөлімінде – жаңа басшы

451

Шымкент қаласының білім бөліміне жаңа басшы тағайындалды. Қала әкімінің өкімімен Мәдиев Ынтымақ Әділханұлы 2014 жылдың 4 тамызынан бастап ресми түрде осы лауазымдағы жұмысын бастады. Бұл туралы Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрлыбек Жеңісбек хабарлады.

005
Ынтымақ Әділханұлы бұған дейін Қазақстан республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ОҚО бойынша департамент басшысының орынбасары, тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарған. Мамандығы – тарихшы және заңгер.

Білім саласында да лауазымды қызметтер атқарған. Нақты айтқанда 2000-2005 жылдар аралығында Сарыағаш ауданындағы академик О.А.Жәутіков атындағы № 55 орта мектептде тарих пәнінің мұғалімі, директордың оқу-тәрбие істері жөніндегі орынбасары лауазымдарын атқарған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=8lVmFl1PzeQ[/youtube]

2005 жылдан бүгінгі күнге дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысық филиалдарында әр түрлі лауазымда қызмет жасаған.