Азат Перуашев – Шымкентте

405
Шымкенттік ақжолдықтар Азат Перуашевпен кездесті

«Ақ жол» партиясының Оңтүстік Қазақстандағы мүшелеріне партия төрағасы Азат Перуашев атқарған жұмыстар жайлы ақпарат берді. Сөз алған актив мүшелері көкейдегі мәселелерді көтеріп, ортаға салды. Соның бірі Шымкент шаһарындағы Тұрғын үй, құрлыс жинақ банкі арқылы салынып жатқан үй мәселесі еді.

Шымкенттік ақжолдықтар Азат Перуашевпен кездесті

Бегім Төлентаев,»Ақ жол» ҚДП ОҚОФ қабылдау бөлімінің меңгерушісі: «Қала әкімінің есебіне «Нұрсәттегі» 108 пәтердің құрылысына орай сұрау жасағанмын. Әні-мінемен 3 жыл өтті. «Биыл бітеді» дейді. Бірақ қарқынды жүріп жатқан жұмыс көрген жоқпын.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=lTgGC11VDZs[/youtube]

Партия төрағасы осы және басқа да тізбектелген мәселелерді сараптап, құзырлы органдар мен үкіметке жолдайтынын мәлімдеді. Партия төрағасы алдағы сайлауда парламенттегі партия фракциясына облысымыздан депутат сайлау қажеттігін нақтылады. Халық тығыз орналасқан Оңтүстікте партия бағытын нақты жеткізетін азаматтар бар.