«Ақ жолдан» Парламентке өткен депутаттар арасында шымкенттіктер көрінбейді

"Ақ жол" партиясы 4
«Ақ жол» партиясы

BAQ.KZ ақпараттық агенттігі Парламент мәжілісінен 8 орынға ие болған «Ақ жол» партиясының тізімін жариялады. Депутаттық мандатқа алдымен партияның төрағасы Азат Перуашев ие болды. Қалған жетеуін санамалап шығатын болсақ, олар: «ҚазГранит корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті Азамат Әбілдаев, «Алматы облысы, Қарасай аудандық кәсіпкерлер одағының төрағасы Нұрлан Жазылбеков, «Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Меруерт Қазбекова, Қазақстанның «Атамекен Одағы» ұлттық экономикалық палатасы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Екатерина Никитинская, «МК-Бизнес» жауапкершілгі шектеулі серіктестігінің Бас директоры Аманжан Рысқали, «Іле» корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы Сағиятулла Сәрсенов, «МұнайТехСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорының кеңесшісі, «Ақ жол» партиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмас Тортаев.
Бұл тізімді көрген шымкенттіктер «апам да мен де аң-таң» болып отыр. Себебі, «Ақ жол» партиясын жақтап дауыс берген оңтүстікқазақстандықтар арасында партиялық тізімдегі үміткерлер, белгілі ақын Ханбибі Есенқарақызы, Серік Тұрғынбекұлы, Қазыбек Иса, кәсіпкер Ермек Аббасовты жіті танығандықтан қолдау көрсеткені өтірік емес.
«Кәсіпкерлік саласын өзге өңірлермен салыстырғанда ерекше дамытып отырған Оңтүстікте мүшелері кілең кәсіпкерлерден (басым бөлігі) тұратын партияның атынан Мәжіліске бірде-бір адамнынң өтпеуі қызық екен…» деп жатқандар бар.