Шекарада Эбола дертіне қарсы жаттығу өтті

353

Қазақ-өзбек шекарасында қауіпті дертке қарсы оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Эбола дертін жұқтырған деген күдікпен бойжеткен шекара бекетінде-ақ тексеруге алынды. Осы бекеттегі санитарлық қадағалау бөлімінің мамандары ауру белгілерін тексерді. Шетелден жұқпалы дертті жұқтырып келген жолаушы оқшауланып, оған алғашқы көмек көрсетілді. Бұл – «Қапланбек» шекара бекетінде өткен Эбола дертіне қарсы оқу-жаттығулардың жоспары.

004

Ең алдымен шекара бекетінде дабыл қағылады. Ол белгі күмәнді жолаушыны тексеруге алу қажеттігін ескертеді. Қара құрлықты жайлаған дертті жұқтырған деген жолаушы ең алдымен оқшауланды. Мамандар содан кейін тез арада дене қызуын анықтауға кірісті. Оқиға орнына шұғыл түрде вирусқа қарсы арнайы киім киген мамандар тобы келіп жетті. Сақадай сайланған дәрігерлер бойжеткенге тиісті көмек көрсету қамына кірісті.

[youtube]http://youtu.be/7toEq3TRv70[/youtube]

Қазақ-өзбек шекарасы арқылы әрлі-берлі сабылған жолаушылар түгелдей тексеруден өтті. Оқу алаңына жиналған дәрігерлер мен санитар мамандар, шекара мен қорғаныс саласының қызметкерлері өзге өңірден келуі мүмкін вирустық жұқпалы дерттің алдын алып, дер кезінде оқшаулау шарасын пысықтады. Айта кетейік, облыста қазір халықаралық қатынас қатаң бақылауға алынып отыр.

[youtube]http://youtu.be/YPTKR21TYQM[/youtube]

Жыл басынан шекара бекетінен ел аумағына өткен 43 мың адам мұқият тексерілген. Әзірге жұқпалы дертке шалдыққандар анықталмады. Дегенмен, мамандар әлемде өте жоғары жылдамдықпен таралып жатқан індеттен сақтану үшін ауру ошағы саналатын мемлекеттерге барудан бас тартуға шықырады.