Оңтүстікте жаңа шекара бекеті ашылды

1000

Қазақстан мен Өзбекстан республикасының мемлекеттік шекарасында жаңа шекара бекеті құрылды. Пайдалануға берілген «Дархан» шекара бекеті Сарыағаш шекара отрядына қарасты.

001

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік коммитетінің шекара қызметінің мамандары хабарлайды. Шекара қызметінің директоры, генерал-лейтенант Нұрлан Жұлманов осылайша шекараның беріктігін нығайтуда тағы бір қадамның жасалғанын атап өтті.

«Бір жылдың ішінде 20 шекара бақылау бекеті соғылып, 26 бекет күрделі жөндеуден өткен. Шекара бекетінде жұмыс істейтін мыңға жуық отбасы тұрғын үймен қамтылған. Жыл соңына дейін тағы бірнеше кешен ашылады» деді генерал-лейтенант.

Шекарашылардың отбасыларына баспана кілтін тапсыру салтанатына Икрам Адырбеков бастаған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері мен облыс әкімдігінің мамандары болды. Жоғарғы дәрежелі қонақтар шекара қалашының инфрақұрылымен танысты.

Қалашықта офицерлерге арналған үйлер, келісім-шарт бойынша борышын өтеп жүрген әскерилерге арналған жатақхана, казарма, тәлімбақ және атқора бар. Бұл күні шекарашылар жаңа автокөліктер мен арнайы техникаларын да жиналғандар назарына ұсынды.