Шымкентте бас дәрігер парамен ұсталды (видео)

316
Фотосурет ғаламтордан алынды

Шымкентте бір аурухананың бас дәрігері пара алған жерінен ұсталды. Бұл жөнінде 52 жастағы мейірбике полиция қызметкерлеріне арызданған.

Фотосурет ғаламтордан алынды
Фотосурет ғаламтордан алынды

Мейрбикенің айтуынша, бас дәрігер 90 мың теңге бопсалапты. Осылайша қызметкеріне берілген сыйақыдан үлес дәметсе керек. Осы факті бойынша облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы және Абай полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, сол аурухананың бас дәрігерін пара алып тұрған жерінен өз кабинетінде ұстады. Оның сөмкесінен 47 мың теңге тәркіленген. Бұл ақшаның нөмірлері арнайы есепке алынған тізімдегі ақшамен сәйкес келіп отыр. Қазіргі таңда күдіктінің кәмелет жасына толмаған төрт баласы бар екені ескеріліп, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілген. Қылмысты іс қозғалды.

[youtube]http://youtu.be/lb4AgExko20[/youtube]