Шымкентте танымал қақшаны Қ.Ордабаевтың жүлдесі сарапқа түсті

236
Құрал Ордабаевтың турнирі кішкентай футболшылар үшін үлкен спортқа алғашқы баспалдақ

Кеңес Одағы кезінде «Қайрат» футбол командасының қақпасын қорғаған жерлесіміз Құрал Ордабаевтың жүлдесіне арналған дода биыл да жалғасын тапты. Белгілі футболшы осымен үшінші рет Оңтүстіктегі ізбасарларына спорт мейрамын ұйымдастыруда. Бұл жолы 8 команданың 14 жасар футболшылары ала допты «Локомотив» стадионда қуалады.

Бұл жеткіншектерге ең бастысы тәжірибе жинақтау
Бұл жеткіншектерге ең бастысы тәжірибе жинақтау
Құрал Ордабаевтың турнирі кішкентай футболшылар үшін үлкен спортқа алғашқы баспалдақ
Бұл турнир – жас футболшылар үшін үлкен спортқа алғашқы баспалдақ

Олег Сабиров, ОҚО футбол мектебінің бас бапкері: «Биыл Шымкентте халықаралық турнирлер өте аз өтті. Сол себепті мұндай жарыстар біздің өңір үшін өте қажет. Өйткені, балаларға тәжірибе жинақтау қажет. Ал халықаралық жарыстарға өзге елден де спортшылар келеді. Мәселен, бұл жолы қырғызстандық аяқдопшылармен ойнадық.»

Халықаралық жарысқа Қырғызстан мен Тараз облысынан футболшылар келді. Алайда, қонақтардың жолы болмады. Сол себепті қырғызстандық және таластық спортшылар турнирдің соңын күтпей-ақ  ауылдарына қайтты.

"Ордабасы" командасының ізбасарлары халықаралық аренада епті екенін байқатты
«Ордабасы» командасының ізбасарлары шебер екендерін байқатты

Бұл жолы ақтық кездесуде қалалық №7 футбол мектебінің жеткіншектері мен «Ордабасы» клубының жас ойыншылары кездесті. Нәтижесінде ордабасылықтар жеңіске жетті.