Қаруы иелері сейфке дабылқаққыш орнатуы тиіс

390

Қазақстанда жеке азаматтардың қаруларына байланысты заңға біршама өзгерістер енгізілді. Енді қолында суық қаруы бар жандар оны сақтайтын орынға дабыл қаққыш орнатуы міндетті. Заңмен бекітілген бұл міндетті орындамағандар әкімшілік жауапқа тартылатын болады.

001
Фотосурет ғаламтордан алынды

Қару сақтауға қатысты заңға айтарлықтай екі өзгеріс енгізіліп отыр. Жарақат салатын тапаншаларды қару иелері 2015 жылдың 31-желтоқсанына дейін өз еркімен ішкі істер органдарына тапсыруы тиіс. Егер жарақат салатын қаруды 2015 жылдың соңына дейін тапсырмаса, травматикалық қаруды алып жүргені және сақтағаны үшін 2016 жылдан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Бүгінгі таңда жарақат салатын қаруларға төленетін сыйақы көлемі белгіленбеген. Ал заңсыз айналымда жүрген қаруды сатып алу акциясы әлі де жалғасуда. Осы күнге дейін 263 азамат ішкі істер органдарына өз еркімен құжаты жоқ қаруларды тапсырыпты.

[youtube]http://youtu.be/jm7Adfz_3GI[/youtube]

Азаматтық қару иелеріне қару мен патрондарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша қосымша талаптарға тоқталсақ. Қару сақталатын үй-жайларға немесе арнайы қару сейф3не дабыл жүйесі орнатылады. Күзет жүйесін орнату үшін арнайы уақыт та белгіленген. 30-қыркүйекке дейін. Қару қауіпсіздік құралын орнатудың құны орташа есеппен 25 мың теңге болады дейді мамандар.

[youtube]http://youtu.be/Yx_sP0tljVs[/youtube]

Сондай-ақ, техникалық құралдарды заңнамада бекітілгендей арнайы сертификаты бар мекеме орнатуы қажет. Осындай сертификат пен құралды орнатқан анықтамасын қару иесі тұрғылықты мекенжайы бойынша полиция бөліміне тапсыруы тиіс. Есте сақтаңыз, 2014 жылдың 1-қазанынан бастап қаруы сақталатын жерге дабыл жүйесін орнатпаған қару иелеріне тексеру шарасы жүргізіледі. Осы уақытқа дейін дабылқаққыш құрал орнатып үлгермегендер ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 369-бабына сәйкес жауапқа тартылатын болады.