Қауырт желіге хабарласыңыз

414

Азаматтардан және ұйымдардан діни салаға қатысты барлық сұрақтар бойынша ақпарат қабылдау, сондай-ақ, деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге кеңес беру және психологиялық көмек көрсетуге арналған

ҚАУЫРТ ЖЕЛІ – 114 ақпараттық-кеңес орталығы

Орталық келесі жағдайларда кеңес беріп, телефон қоңырауларын қабылдайды:

* Сізді немесе Сіздің жақындарыңызды түсініксіз діни ойларды қабылдауға мәжбүрлеген болса;
* Сізге көшелерде, кіреберістерде, пәтерлерде, көліктерде күдікті діни кітаптардың, журналдардың, кітапшалардың, парақшалардың таратылуы туралы белгілі болса;
* Сізбен немесе Сіздің жақындарыңызбен діни тақырыпта күдікті үгіт жүргізгісі келсе;
* Сізге немесе Сіздің жақындарыңызға діни жоралар мен іс-шараларға қатысуды ұсынған болса;
* Сізді діни бағыттағы күдікті жиындар мазалаған болса;
* Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз күдікті адамдардың не діни бағыттағы ұйымдардың ықпалына түскен болса;
* Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз діни мәселелерге байланысты қиын жағдайларға ұшыраған болса;
* Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз дін саласындағы мамандардың кеңесі мен көмегін қажет ететін болса.

Кеңес беру кәсіби заңгерлер, теологтар, дінтанушылар және психологтармен тәулік бойы және дербес жүргізіледі. Қоңыраулар Қазақстанның кез-келген нүктесінен тегін қабылданады.