Балалар теміржолы жаңартылуы мүмкін

555

Шымкенттегі балаларға арналған теміржол жаңартылуы мүмкін. Қалалық мәслихат депутаттарының сұранысымен осы мәселе зерделене бастады.

002

1979 жылы салынған Ғани Мұратбаев атындағы балалар теміржол локомотиві, оның жобасы қайта қарастыруды қажет етеді. Себебі, 30 жылдай уақыт бұрын соғылған шойын жол, оның қоршауы, тіпті, сол теміржол аймағының өзі бастан-аяқ қараусыз қалып кетті.

Айналасына үйлер соғылып, желінің көрінбей қалғаны да рас. Ондағы жоғалып кеткен жол белгілері мен шөп басқан жолдың мал жайылып кеткен күйін қалыпқа келтіру оңай шаруа емес. Ал күрделі жұмыстарға қомақты қаржы қажет. Оның көзі табылғанша балалар теміржолының станциясы кеңсе ретінде пайдалануға беріліпті.

001

Бюджет қаражатына салынған станция қаңырап бос тұрғанша, кеңсеге айналғаны дұрыс. Бұл – қала әкімдігінің шешімі. Қазір мұнда «Тұрғын үй» мекемесінің кеңсесі бар. Отыздан астам қызметкері бар мекеме бұған дейін талай ғимаратты жалға алып келген екен.

Балалар теміржолын іске қосу оңайға соқпасы анық. Қыруар қаражатты қажет ететін шойын жолдың бір ғана релсін ауыстыру үшін 60 миллион теңге қажет. 40 жылға жуық қызмет жасаған вагондар да жаңартуды талап етеді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=KnbPBKylAMM[/youtube]

Қалай болғанда да ел ертеңі – балғындардың бос уақытын тиімді өткізуді ойлаған мәслихат депутатары бюджетн қаражат бөлуге ұсыныстарын жасады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=3aGNur3AM28[/youtube]

Халық қалаулыларының осы сұранысы бойынша енді биліктегілер әрекет жасайтын болады. Ал оған дейін балалар теміржолының станциясы мемлекеттік мекеменің кеңесі рөлін атқара тұрады.