Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолы қашан бітеді?

676

2011 жылы бастау алған Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік жолының Шымкент-Қызылорда бағытындағы бөлігінің құрылысы жоспар бойынша жыл басында бітуі тиіс болған. Алайда, күре жолдың құрылысы сиырқұйымшақталып келеді. Мәселен, Сыпатаев елдімекенінен Шымкентке қарай өткен тұста 15 шақырымға жуық жолды салып жатқан «АКМ-ПЛАНУМ» ЖШС дәлізді қаңтар айында қолданысқа беруі қажет еді. Алайда, «сақалды» құрылыстың шаңы жолаушы мен жүргізушіні мезі қылған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=RQexVdF8zjw[/youtube]

vlcsnap-2014-09-08-18h51m58s96

 

Мұрат Ешимов, жолаушы: «Бұл істің бітпеуі біздерге кері әсер етеді ғой. Көліктің жүріс бөлігіне кесірі тиеді. Қиын ғой енді. Негізі, созылып кетті бұл жол.»

vlcsnap-2014-09-08-18h53m05s31

Абай Әжібеков, жүргізуші: «Өте қиын жол. Өте жаман! Аяқталған жол, әрине, жақсы. Ал бітпеген жер көп әлі. Одан кейін жолға мазут смоласын көптеу құйған. Ол – зиян. Қыста жақсы болғанымен, жазда жаман. Ал мына жер 5-6 шақырымдық тастақ жол. Екінші жылдамдықпен келдік.»

vlcsnap-2014-09-08-18h51m33s105

Халықаралық дәліздің Темірлан елдімекенін айналып өтер тұсына әлі күнге бетон төселмеген. Айналма жолдағы көпірдің де жұмысы көп. Бір қызығы, қос қанатты күре жолдың құрылысы біткен жерлері де жөндеуге жабылыпты.

vlcsnap-2014-09-08-18h54m23s40

Мұрат Дүйсембеков, «Қазавтожол» АҚ ОҚО филиалының директоры: «Жолдың 224 шақырымы уақытша пайдалануға берілген. Себебі, ашық далада құйылған цементтің қатуы ауа райына байланысты болады. Кейде жаңбыр, кейде жел немесе ыстық болғанда 4 пен 8 сағат аралында қатуы тиіс. Сондықтан, төселген бетон жарылып, арасы ажырайды. Қазір мердігер мекемелер сол жерлерді қайта ретке келтіруде.»

vlcsnap-2014-09-08-18h51m14s164

Ал, «АКМ-ПЛАНУМ» компаниясы жол құрылысын жүргізу кезінде қосымша жұмыстар шыққан. Соған байланысты қолданысқа беру мерзімі 15-қазанға созылыпты. Бірақ, қазір құрылыс компаниясының қаржысы жоқ. Сондықтан мердігер мекеменің жұмысы тағы созылатын секілді дейді мамандар.